ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫ YOUTUBE ПЛАТФОРМАСЫНДА «TURK DISCOVERY»ЖАҢА ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРАДЫ
Xəbərlər
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫ YOUTUBE ПЛАТФОРМАСЫНДА «TURK DISCOVERY»ЖАҢА ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРАДЫ

Ежелден түркі елдерінің тарихы жолында көптеген байланыс нүктелері болды, бұл мәдениеттің, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің ұқсас қабаттарының пайда болуына себеп болды. Біздің ортақ тамырымыз, бай мұрамыз - эпостар, ұлы тұлғалар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, музыка, әдебиет және ең бастысы мұның бәрі әлемдік мәдениеттің қазынасынан орын тапты.
Венгриядағы Түркі іздері, Әзербайжанның скиф-сақ мұрасы, Қазақстандағы «Алтын адамның» қазынасы, Түркиядағы Осман империясының жетістіктері, Өзбекстан қалаларының ежелгі мәдениеті, түркі әдебиетінің інжу-маржаны болып табылатын Қырғызстанның «Манас»эпосы және т.б.
Біздің міндетіміз – осы біздің құнды мұраларымызды болашақ ұрпаққа жеткізу. Адамзатқа рухани жаңғыру үшін мәдениет қаншалықты қажет болса, мәдениетке де қамқорлық пен ұқыпты қарау қажет. Жаңа ұрпақ оны біліп, бойына сіңіріп, өз қызметінде оған сүйену керек.
Міндеті түркі халықтарының бай мәдени мұрасын зерттеу, сақтау болып табылатын Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры – Әзербайжан Президентінің бастамасымен және Қазақстан, Қырғызстан және Түркия президенттерінің қолдауымен құрылған, ал Венгрия ұйымға бақылаушы ел ретінде қосылған жас ұйым.
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова атап өткендей: «Түркі мәдениеті және мұрасы қоры өз қызметі барысында түркі халықтарының бай тарихын, ұлттық-рухани құндылықтарын ілгерілету саласында көптеген түрлі жобаларды жүзеге асырды. Ұйым тарапынан кітаптар шығарылып, көрнекті ғалым-зерттеушілердің қатысуымен конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер өткізіледі, сондай-ақ түркі әлемінің мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының кезекті жобасы «Turk Discovery» YouTube платформасын құру, онда түркі әлемінің материалдық-мәдени мұрасы, ежелгі дәстүрлері, ұлттық құндылықтары туралы хабарлар, бағдарламалар, деректі фильмдер көрсетіледі. Мұндай ауқымды жобанықұру түркі халықтарының байлығын әлемдік аудиторияғажеткізуге көмектеседі. Бұл заманауи және тиімді тәсіл, өйткені біз қарқынды дамып келе жатқан әлемде өмірсүріп жатырмыз. Сондай-ақ, Youtube платформасыменқатар Facebook, Instagram, TikTok және т.б. онлайн-платформаларда түркі елдерінің материалдық және рухани құндылықтарын насихаттау бойынша Қордыңбелсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткім келеді.Көрермендер «Turk Discovery»-ді үлкен қызығушылықпен қарсы алатынына сенімдімін!
Қордың шақыруы бойынша жобаның жетекшісі атақты қазақстандық журналист Майя Бекбаева таңдалды. Майя Бекбаеваның командасы көптеген жылдар бойы тарихтақырыбында деректі фильмдер шығарумен айналысады.
«Turk Discovery» жобасының алғашқы шығарылымы – «Наурыз – ежелгі түркі мерекесінің жаңғыруы» деректіфильмі (оны «Turk Discovery» жобасының ресми YouTubeарнасында, сілтеме бойынша көруге боладыhttps://youtu.be/XhtnEcaG4hA?si=LsKqnUKY5A_5Tlw5).Әзербайжанның мемлекеттік және саяси қайраткері, дипломат, ғалым, Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдаркеңесінің өкілі аталған фильмнің ғылыми директоры жәнесценарийінің соавторы Гасан Гасанов. Түсірілім тобыӨзбекстанға, Қырғызстанға және Әзербайжанға барды. Түсірілімнің көп бөлігі Баку қаласында жәнеӘзербайжанның маңызды тарихи орындарында өтті. Фильмде әр түркі елінде Наурыз (Новруз) мерекесініңерекше, айрықша ерекшеліктері көрсетілген. Жобаныңмақсаты – түркі халықтары арасындағы ынтымақтастықтыодан әрі нығайтуға ықпал ету.
Жоба тобы қызықты және сапалы мазмұн жасаубойынша жұмысты жалғастыруда. Қазіргі уақытта, Түркідиалектілерінің жинағы болып табылатын МахмұдҚашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк» шығармасы туралыдеректі фильм дайындалуда. Айта кету керек, 2024-2025 жылдары ЮНЕСКО аясында осы жинақтың 950-жылдық мерейтойы атап өтіледі.